KZ

КЕШЕНДІ ДИАГНОСТИКА
(CHECK UP)

Helmir Hospital Check Up бағдарламаларының артықшылықтары

Бағдарламаны бір күнде, тез арада күнде өту
Біз сіз үшін медициналық тексеруді күтусіз және тез өткізу мақсатында тексеру кестесін алдын ала жоспарлаймыз, ол тез және күтпестен өтеді.
Жеке көзқарас
Әрбір науқасты оның тұқым қуалау ауруларына бейімділігін, бастан өткерген аурулары мен қауіптерін ескере отырып, жеке-жеке тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Заманауи жабдықтар
Бізде жоғары технологиялы ультрадыбыстық, рентгендік, функционалдық, зертханалық және эндоскопиялық жабдықтар бар.
Тәжірибелі дәрігерлер
Бізде тек тәжірибелі дәрігерлер еңбек етеді. Біздің мамандарымыз медицина ғылымдарының кандидаты мен докторлары
Сіздің денсаулығыңыз туралы толық ақпарат
Сіз барлық анықталған мәселелердің толық сипаттамасымен және денсаулығыңыздың жағдайы туралы толық ақпарат аласыз.

CHECK UP БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

CHECK-UP – заманауи профилактикалық медицина тұжырымдамасының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықта ағзаның жалпы профилактикалық тексерулері (скринингтері), әсіресе белсенді өмір салтын жүргізетін, үнемі күйзеліске ұшырайтын, түрлі аурулардың қаупін арттыратын факторлары бар адамдар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды.

Checkup Prowoman — KT (Әйелдер Үшін)
Check up — Gold Helmir (әйелдер үшін)
Ерлерге Арналған Check Up — Gold Plus Helmir
Check up — Gold Plus Helmir (әйелдер үшін)
Check up — Golden Helmir (ерлерге арналған)
Check up — ProMen Checkup
Check up — Silver Helmir
Check up — ОНКО (әйелдер үшін)
Check up — ОНКО (ерлерге арналған)
Check up — Helmir Детский
Барлығын көрсету

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Check-up зерттеуі сол зерттеулерді өз бетімен өтуден несімен тиімдірек?

Чекап тексеру бағдарламасы —бұл ДДҰ-ның міндетті тізіміне енгізілген талдаулар мен аспаптық зерттеулерді қамтитын, ағзаның жағдайын кешенді тексеру.Біз адамның жасын, тұқым қуалаушылық жағдайларын, денсаулыққа байланысты мәселелерді ескере отырып, сіздің мақсатыңызға сәйкес келетін пакеттерді құрдық. Бұл бағдарламамен сіз қандай дәрігерге баруды, зерттеу әдістерінің түрлерін және оны қайда жасау керектігін іздеудің қажеті де жоқ. Бұны біз сіз үшін ойластырып қойдық!

Бағдарлама жөнінде толыққанды ақпаратты қайдан алуға болады?

Чектер бағдарламалары бойынша толық ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 4040 немесе жедел желі нөміріне +7 708 834 0519 қоңырау шалыңыз. Біздің менеджерлер сізге кеңес береді.

Бұл кімге қажет?

Өз денсаулығына қамқорлық жасайтын әрбір адам жыл сайын тексеруден өтіп тұруы қажет. Өйткені, көптеген аурулар ерте кезеңде пайда болмайды және оларды диагностикалау кезінде анықтауға болады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама қауіп-қатер тобындағы адамдарға қажет, атап айтқанда: қатерсіз ісіктері бар науқастар, тұқым қуалау аурулары бар және оған бейім адамдар, жаман әдеттері бар адамдар, зиянды өндірістерде істейтін қызметкерлер, сондай-ақ жасы қырықтан асқан барлық адамдар.

Бүкіл ағзаны тексерудің стандартты бағдарламасына не кіреді?

Біздің клиникамызда чекап бағдарламасының әртүрлі пакеттері бар. Ең стандартты пакет түріне терапевт дәрігердің қабылдауы мен талдаулар және УДЗ кіреді.

- Бізге 339-40-40 нөміріне қоңырау шалыңыз, біз сізге сәйкес келетін бағдарламаны таңдаймыз!