Урология

Ибрагимов Равиль Пашаевич

ДӘРІГЕР ЖӨНІНДЕ

Helmir Hospital емдеу мекемесінде жоғары санатты дәрігер, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Равиль Пашаевич Ибрагимов жедел және жоспарлы урологиялық көмекті көрсетеді. 2007 жылдан 2016 жылға дейін урология бөлімшесінде уролог-дәрігер болып жұмыс істеді, кейінірек №7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасында «Бүйректі транспланттау және урология» бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Бүйректі транспланттау, урология және экстракорпоралдық детоксикация» бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Бөлімшедегі көлемді ашық операциялармен қатар, қазіргі заманауи аппаратураларды пайдалана отырып, аз жарақаттық, аз инвазивті эндоскопиялық және лапароскопиялық оталық араласулар орындалады:

  • Бүйрек пен жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу;
  • Рентген және сцинтиграфия жасау;
  • Компьютерлік және магниттік-резонанстық томографиялық зерттеу;
  • Зәр мен қанды жалпы және биохимиялық талдау;
  • Бактериологиялық дақылдар;
  • Эндоскопиялық және лапароскопиялық тексерулерді жүргізу;
  • Қатерлі ісік ауруына күдік болған кезде биопсия алу

Біздің клиниканың уролог мамандары келесі ауруларды емдейді:

  • Несеп-жыныс органдарындағы қатерсіз және қатерлі ісіктер;
  • Бүйрек-тас ауруы;
  • Нефриттер, циститтер, уретриттер;
  • Несеп-жыныс органдарындағы қатерсіз және қатерлі ісіктер;
  • Простата аурулары: простатит, аденома немесе простата обыры
  • Несепті ұстамау;
  • Ерлердегі жыныстық және репродуктивті қызметтің бұзылыстары;
  • Фимоз.

Урологиялық операциялардың түрлері:

ЛАПАРОСКОПИЯ;нефрэктомия; бүйректі резекциялау (кесу); уретероцистонеоанастомоз; нефропексия; жамбас-несепағар сегментінің пластикасын жасау;бүйрек жылауығын (кистасын) резекциялау және т.б.; аз инвазивті лапароскопиялық операциялар;

ЭНДОУРОЛОГИЯ: HOLEP (қуықасты безінің аденомасын лазермен алып тастау); қуықасты безін алып тастау; қуық ісігін жою; перкутанды литотрипсия (бүйректегі тастарды алып тастау); бүйрек, несепағар, қуық тастарының лазерлік литотрипсиясы;

АШЫҚ ОТА ТҮРЛЕРІ: радикалды цистэктомия; радикалды простатэктомия; бүйректің резекциясы; қуық резекциясы; адреналэктомия (бүйрек үсті безін алып тастау); тостағаншалы несепағар бөлігін пластикалау; уретероцистонеоанастомоз; цистолитотомия уретеролитотомия; пиелолитотомия; нефрэктомия; несепағардың реконструктивті отасы; қуықтың реконструктивті отасы; ұманың ағзаларына жасалатын ота; қуық асты безінің отасы.

ЕМДЕУ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР: цистоскопия; несепағар стентін орнату және алып тастау; ультрадыбыстық зерттеу арқылы бүйрек биопсиясын жасау; УЗ-бақылаудағы тері пункциялық нефростомия; УЗ-бақылаудағы бүйрек кисталарын пункциялық емдеу; Тіндік биопсиямен цистоскопия, қуықасты безінің биопсиясы.

Тізімге оралу