«Helmir Hospital» клиникасының травматолог-ортопед дәрігері Хакан Дульгер жарақаттарды, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған ақауларын емдеумен айналысады. Хакан Дульгер жоғары медициналық білім алғаннан кейін (Улудаг университетінің медицина факультеті; Тракья университетінің медицина факультеті, ортопедиялық хирургия бойынша) Түркия клиникаларында травматолог, ортопед және микрохирург ретінде Ван Эрджиш ауруханасы, Атлас – Стамбул ауруханасы, Юзил ауруханасы, Medcity хирургиялық медициналық орталығында үлкен тәжірибені жинақтады. Заманауи құралдармен жабдықталған операциялық бөлмелерде травматологиялық және ортопедиялық операциялардың кең ауқымын; соның ішінде иық, жамбас, тізе буындарын эндопротездеу бойынша оталарды жасайды. Әрине, жарақаттанудан және операциядан кейін науқастың дұрыс қалпына келуі маңызды. Операциядан немесе жарақатқа қарсы консервативтік емнен кейін дәрігердің тарапынан тағайындалған оңалту кешендері адамды қалыпты өмірге қайтаратындығы сөзсіз. Дәрігердің тарапынан берілептін толыққанды ұсыныстар қозғалыс қызметі мен сезімталдықты қалпына келтіруге бағытталған.
Емдеу мен хирургияның негізгі түрлері: