KZ

Проктология

Марат Каленбаев

ДӘРІГЕР ЖӨНІНДЕ

Helmir Hospital клиникасында ішек патологиясы бар науқастарға жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Қаленбаев білікті көмек көрсетеді. 1995 жылдан бастап Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының (ОҚКБ) колопроктология бөлімшесінде жұмыс істеді. 2001 жылы А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының диссертациялық кеңесінде диссертация қорғап оған медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2005 жылдан 2008 жылға дейін Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату институтында (АМБДЖИ) колопроктология курсының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2013-2021 жылдары-Алматы қаласындағы қалалық орталық клиникалық ауруханасындағы колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Марапаттары:

  • «Денсаулық сақтау үздігі» (2007 ж.);
  • o «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» (2019 ж.);
  • o «Ел ардақтысы» (2019 ж.).
  • 45 ғылыми жарияланымның, ҚР өнертабыстық бойынша 2 патенттің авторы болып табылады.

Helmir Hospital клиникасында келесі қызмет түрлерін алуға болады:

ЕМДЕУ:

  • Созылмалы іш қату;
  • Ойық жаралы колит;
  • Крон ауруы;
  • Эрозиялық проктит;
  • Анальды қышу;
  • Кокцигодения;
  • Дисбактериоз

ХИРУРГИЯЛЫҚ АРАЛАСУДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЕМДЕУ ШАРАСЫ:

  • Геморроидальды аурулар
  • Аз инвазивті емдеу әдістерімен: латексті сақиналар, инфрақызыл сәулесімен фотокоагуляцияу, радиожиілікті абляция (РЖА), HAL-RAR геморроидальды түйіндерді дезартеризациялау, LHP геморроидальды түйіндерді лазермен алып тастау
  • РРН аппаратының көмегімен Лонго операциясын жасау (тік ішектің шырышты-шырыш асты қабатының циркулярлық трансаналдық резекциясы)
  • Анальды сызаттарды емдеу;
  • Эпителиальды құймышақ жолы;
  • Тік ішектің созылмалы интра-және транссфинктерлік жыланкөздері (свищ);
  • Бұлшықет пластикасымен күрделіліктің III-IV дәрежесі бар тік ішектің экстрасфинктерлік жыланкөздері (свищ)
  • Перианальды бахромалы шашақтарды алып тастау;
  • Перианальды аймақтың терінің шошақ сүйір сүйелдерін алып тастау;
  • Анальді тік ішек каналының операциядан кейінгі стриктураларына Пикус операциясын жасау;
  • Босанудан кейінгі жыртылуды хирургиялық емдеу;
  • Ректовагинальды жыланкөз (свищ) тесіктерін кольпоррафиялау;
  • Сфинктеролеваторопластикалар;
  • Ректоцеле, цистоцеле;
  • Анальды ақаулар немесе жеткіліксіздік кезінде пластикалық оталарды жасау;
  • Интимді пластика (лабиопластика және гименопластика);
  • Уақытша және емдік колостоманы орнату
  • Лапароскопиялық ректопексия;
  • Тоқ ішек бөлігін резекциялау;
  • Колоректальды анастомозды орнату арқылы сол жақты және оң жақты гемиколэктомия (СДН аппаратымен);
  • Илео-ректальды анастомозды колостоманы орнату арқылы жалпы колэктомия;
  • Тік ішек полиптерінің электроэксцизиясы;
  • Гистологиялық зерттеу үшін тік ішектің ісігінен ректоскоп арқылы тін бөлігін алу
  • Ішектің қабыну ауруларында (ойық жаралы колит, Крон ауруы)гистологиялық зерттеу үшін тік ішектің шырышты қабығынан ректоскоп арқылы тінді алу
Тізімге оралу