KZ

Педиатрия

Джан Полат

Балалар дәрігері, Джан Полат 2011 жылдан бастап балалар педиатриялық тәжірибесімен айналысады. Тракья Эдирне университетінде Жоғары медициналық білім алғаннан кейін ол Стамбулдағы университеттік клиникалардың бірінде балалар бөлімінде жұмыс істеді.

Клиникада бірқатар балалар ауруларын стационарлық емдеу үшін барлық жағдай жасалған:

  • Балалардың жұқпалы аурулары: мақсаты – антибиотиктерді ретсіз қолданудың алдын алу, вирустық және бактериялық ауруларды егжей-тегжейлі талдап, бақылау нәтижесінде балаларға антибиотиктерді мүмкіндігінше аз қолдану.
  • Балалардағы астма мен ринитті емдеу: балалардың маусымдық астмасын немесе аллергиялық астма мен ринитті емдеу ережелеріне сай.
  • Бала жастағы зәр шығару жолдарының жұқпалары: бүйректің қайтымсыз зақымдануы пайда болғанға дейін зәр шығару жолдарының ауруларын диагностикалап, оған байланысты ем тағайындау;
  • Балаларда зәрдің ұстамауы: олардың психоәлеуметтік және анатомиялық дамуын бағалау, балалардың памперсті тиісті уақытта тастауын қамтамасыз ету.
  • Балалардың аллергиялық аурулары: қайталанатын аллергиялық ауруларды диагностикалау: мұрыннан су ағу, жөтелу, түшкіру, ентігу, экзема. IgE спецификалық антиденелері бойынша Тері сынамасын (prickpatch) жүргізу; Емді жоспарлау.
  • Дені сау баланы бақылау және вакцинациялау тәжірибесі: ҚР ДСМ тарапынан ұсынылған вакциналар және балаларға жоспардан тыс қолдану үшін ұсынылған вакциналар. Бас шеңберін, бойын, салмағын дамыту, нейромоторлық дамуды талдау. Әлеуметтік дамуды бағалау. DENVER M-CHAT тәрізді дайындалған тесттерді қолдану.
  • Балалардағы қан аздықты емдеу: созылмалы анемияны, В12 дәруменінің, фолий қышқылының, темір тапшылығын, балалардағы гемоглобинопатияны анықтау және емдеу.
  • Балаларда Д дәруменінің тапшылығы
  • Баланың жасындағы тағам тәртібінің бұзылуы және баладағы анорексияны емдеу
  • Балалардың іш қатуын емдеу: ем-дәмдік тамақтануды реттестіру және іштің қатуы кезіндегі дәрі- дәрмектік терапия
  • Балалардағы іштің ауруы мен құрысуы, іштің шаншуы;
  • Балалардағы буын мен бұлшық ет аурулары
  • Балалардағы экзема мен тері ауруларын емдеу
  • Жаңа туған балалардағы сарғаюды емдеу: жоғары гемолиз немесе бауыр аупулары, гипотиреоз, галактоземия, GALT-1 тапшылығы тәрізді ауруларды анықтау және емдеу.
Тізімге оралу