Оториноларингология

Мехмет Гёчек

ДӘРІГЕР ЖӨНІНДЕ

«Helmir Hospital» клиникасында құлақ, тамақ, мұрын ауруларымен жоғары білікті, тәжірибелі лор дәрігері, дәрігер Мехмет Гечек айналысады. Науқасқа кеңес беріліп, тексеріліп, емін алған соң бақылаутексерісіне келеді. Жедел және созылмалы лор ауруларына қарсы дұрыс таңдалған емдік терапия науқасқа сол ауруға байланысты туындаған мәселелерден арылуға және маманның кеңестері мен ұсыныстарына сүйене отырып, сауығудан кейін сақ болуға мүмкіндік береді. Дәрігер Мехмет Гечек консервативті, хирургиялық емес емдеу әдістерімен қатар, көрсетілімдері болған жағдайда жаңа технологияларды қолдана отырып, эндоскопиялық әдістермен де хирургиялық оталарды жоғары деңгейде орындайды. Бұдан кейін науқастар амбулаториялық негізде бақыланады немесе бірнеше күн бойы қызметі бес жұлдызды қонақүйге сәйкес келетін ыңғайлы жағдайда емделуге клиника ауруханасына жатқызылады.

Емхананың заманауи диагностикалық жабдықталуы оториноларингологқа тез және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді, қажет болған жағдайда төмендегілер тағайындалады және орындалады:

Операциялық араласуларының негізгі түрлері:

  • Ринопластика (мұрынның эстетикалық хирургиясы)
  • Көз жасы жолдарының обструкциясы кезіндегі эндоскопиялық операция (дакриоцисториностомия)
  • Отопластика (құлақ ассиметриясын түзету)
  • Септопластика
  • Мұрын қуыстарының эндоскопиялық хирургиясы (синусит, мұрын полипі, ісік)
  • Мұрын кеуілжірін азайту
  • Аденоидэктомия және тонзиллэктомия
  • Қорыл хирургиясы
  • Созылмалы отит хирургиясы (тимпаникалық мембрананы қалпына келтіру)
  • Биопсия (түйінді киста, полип)
  • Мойынның лимфа түйіндерінің хирургиясы
  • Сілекей бездеріндегі операциялар
  • Бет пен мойынның қатерсіз немесе қатерлі ісіктерін алып тастау және эстетикалық қалпына келтіру;

ЕМДЕУ:

  • Құлақ инфекциясы
  • Тепе-теңдікті сақтау және бастың айналу проблемасы
  • Құлақтағы зыңыл
  • Созылмалы синусит
  • Мұрын аллергиясы
  • Иіс сезу мәселелері
  • Мұрыннан қан кету
  • Мұрынның бітелуі
  • Мұрын полиптері
  • Көз жасы арналарының обструкциясы
  • Дауыстық мәселелер
  • Жұтылу проблемалары
  • Бас және мойын аймағының қатерсіз және қатерлі ісіктері
  • Балалардағы ортаңғы құлақтың инфекциясы
  • Балалардағы тонзиллит және аденоид проблемалары
  • Балалардағы аллергия және синус проблемалары
Тізімге оралу