KZ

Айгерим Сейдинова

Айгерим Сейдинова
Эндокринолог дәрігер
Қабылдауға жазылу
Өмірбаяны

Медициналық білімді Нұр-Сұлтан қаласында ҚазММА-да алды. Интернатура мен резидентураны аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді, бұдан кейін Түркістан қаласында А. Яссауи атындағы ХҚТУ-де PhD докторантурада оқыды. Мамандығы бойынша Қазақстан республикасының жетекші клиникаларында, атап айтқанда Алматы қаласы, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ішкі аурулар университеттік клиникасында, Алматы қаласы Диабет орталығында, Астана қаласының стационарлары мен емханаларында жұмыс істеді. Жапония, Нагасаки қаласында «Нагасаки ұлттық медициналық орталығында», Түркия, Анкара қаласында «Гази Университетінің» балалар эндокринологиясы бөлімшесінде шет елдік тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультетінде оқытушылық қызметпен айналысады, атап айтқанда-шетел студенттерін ағылшын тілінде оқытады.

Ересектердің мынадай эндокринологиялық ауруларын емдеумен айналысады:

  • көмірсулар алмасуының бұзылуы:
  • диабетке дейінгі жай-күй, бірінші және екінші типтегі қант диабеті,
  • метаболизмдік синдром
  • семіздік
  • нейроэндокриндік аурулар
  • қалқанша және қалқанша маңы бездерінің аурулары.

Сондай-ақ, эндокринолог дәрігер 15 жастан бастап жасөспірім балаларды да тексереді.

Тізімге оралу