Хирургия

Ахмет Фарук Йенер

Дәрігер жөнінде

Helmir Hospital емдеу мекемесінде дәрігер Ахмет Фарук Йенер жоспарлы және шұғыл хирургиялық бағыты бойынша медициналық көмек көрсетеді. Ол 1998 жылы «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша Gaziantep University медициналық факультетін бітірді. Еңбек жолының 23 жылдан астам уақытын Түркия клиникаларында, соның ішінде әскери госпитальдарына (Medistate Hospital, Bahçelievler State Hospital General Surgery Clinic) арнаған. Дәрігерлік саладағы тәжірибелі, мол еңбек өтілі оған науқас сырқатының диагнозын дер кезінде және дәл қоюға, соған байланысты тиімді емді тағайындауға мүмкіндік береді.

Біздің операциялық бөлмелеріміз заманауи құралдармен, жоғары технологиялық эндоскопиялық аппаратурамен, тігу аппараттары мен тігіс материалдарының жаңа түрлерімен жабдықталған. Хирургиялық ем-шаралардың басым көпшілігі лапароскопиялық жолмен, яғни үлкен ашық кесусіз жүреді, осыған байланысты науқастың аз жарақаттануын және операциядан кейін ағзаның тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЕМ-ШАРА ТҮРЛЕРІ:

  • Қалқанша және паратироид безіне жасалатын операциялар
  • Онкологиялық операциялар
  • Сүт безіне жасалынатын операция түрлері: мастэктомия, сүт безінің ісіктері кезінде мүшені сақтайтын операция
  • Асқазанға операция жасау: асқазан, өңеш, ұйқы безі ісіктерін жою, гастрэктомия, асқазанды құрғататын операциялар, әртүрлі модификациядағы пилоропластикалық операциялар;
  • Өт қабында жасалатын операциялар:
    • холецистэктомия
    • Бауырға операция жасау: бауырдағы кисталарды жою;
    • Лапароскопиялық және ашық әдіспен көкбауырды алып тастау, спленэктомия
    • Тоқ және аш ішек ісіктерін жою;
    • Анальды және перианальды ауруларды хирургиялық емдеу: геморрой (көтеу), анальды жарықтар, тік ішек және параректальды тесіктерге;
    • Жарықты (грыжа) алып тастау;
    • Бариатикалық хирургия (семіздік хирургиясы): түтікшелі асқазан хирургиясы гастрэктомия, асқазанды шунттау ROUX-N-Y;
    • Асқазанды шағын шунттау;
    • Ботокспен асқазанды эндоскопиялық тесу
    • Әскери-далалық хирургия
    • Амбулаторлық хирургия: тырнақ пластинасын, сүйелді алып тастау, ұл баланы сүндетке отырғызу
    • Тері мен тері асты майының қатерсіз ісіктерін жою

ШҰҒЫЛ ОПЕРАЦИЯЛАР: Іштің жедел ауруы, оқшауланған жарақаттар мен жарақаттар

  • Аппендэктомия
  • Жедел холециститке холецистэктомия жасау
  • Асқазан мен ішектің тесілуі
  • Кеуде және іш қуысы мүшелерінің жарақаттары
Тізімге оралу