KZ

Эндокринология

Айгерим Сейдинова

ДӘРІГЕР ЖӨНІНДЕ

Helmir Hospital клиникасында эндокриндік жүйесінің аурулары бар науқастарға диагностикалау мен емдеуді эндокринолог-дәрігер Әйгерім Сейдинова жүргізеді. Маман Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ ұлттық мемлекеттік медициналық академиясында медициналық білім алған. Сонымен қатар, Түркістанда Х. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен алған PhD дәрежесі бар. Алматыда С. Ж. Асфендияров ҚазҰМУ-нің жанындағы университеттік ішкі аурулар клиникасы тәрізді медициналық мекемелерден өткен үлкен еңбек тәжірибесі бар. Алматының диабеттік орталығы, сондай-ақ Жапонияның Нагасаки қаласындағы ұлттық медициналық орталығында және Анкарадағы «Гази университетінің» балалар эндокринология бөлімшесінде өткен шетелдік тағылымдамалары Әйгерім Сейдиноваға ішкі секреция бездерінің түрлі ауруларын табыспен емдеуге мүмкіндік береді.

Эндокриндік жүйе ағзаның маңызды реттеуші жүйелеріне жатады. Эндокриндік бездер ағзадағы барлық метаболизмдік үрдістерге қатысады. Егер, осы бездердің бірінің қызметі тоқтаса, онда ағзада көптеген функционалдық өзгерістер орын алатындығы сөзсіз.

ЭНДОКРИНДІК АУРУЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

  • ауыздың үнемі құрғақ болуы, шөлдеу;
  • артық салмақ, себепсіз салмақ жоғалту, салмақтың күрт ауытқуы, денеде терінің «созылу» (стрия) белгілерінің пайда болуы ;
  • әлсіздік, шаршау, назар салудың төмендеуі;
  • жоғары қозғыштық, ашушаңдық, жылаушылық;
  • ұйқысыздық және ұйқының басқа да бұзылу түрлері;
  • қолдың дірілдеуі;
  • жүректің соғысы;
  • қалтырау, аяқ-қолдың мұздауы, ыстықтау, терлеудің жоғарылауы;
  • жиі зәр шығару;
  • мойындағы жағымсыз ауырсынулар, «тамақта тас тұрғандай» сезімінің болуы;
  • терінің, шаштың, тырнақ жағдайларының нашарлауы.

Егер сіз өзіңізден төменде аталған белгілердің кем дегенде бірнешеуін байқасаңыз, міндетті түрде біздің маманға хабарласыңыз.

Helmir Hospital клиникасында келесі қызмет түрлерін алуға болады:

Емдеу:

  • диабетке дейінгі жағдай;
  • бірінші және екінші типтік қант диабеті;
  • метаболизмдік синдром;
  • семіздік;
  • нейроэндокриндік аурулар;
  • қалқанша бездің аурулары;
  • қалқанша маңы безінің аурулары және т.б.
Тізімге оралу